Шымкент қаласында «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің қалалық филиалы Атқару Комитетінің кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды r-factor.kz.
Алқалы жиынға сайланбалы Атқару Комитетінің мүшелері, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары және «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Құрманбек Жарқынбек Айдарбекұлы қатысты.
Кеңейтілген отырысты «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов ашып, жүргізіп отырды.
Күн тәртібінде: Шымкент қалалық комитетінің атқарған жұмыстарының қорытынды есебі, кәсіподақ жарнасының түсуі және оның жұмсалуы бойынша тексеру комиссиясының есебі, үстіміздегі жылғы жылға бекітілген іс-шара жоспарларының, кәсіподақтың жоғарғы органдарының тапсырмаларының орындалуы талқыланып, алда өткізілетін іс-шаралар пысықталып, жылдық жұмыс жоспарына толықтырулар енгізіләп, бекітілді.
Сонымен қатар, өткен 2022 жылдың қорытындысы бойынша Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымы «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» деп танылды.
Атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша белсенді кәсіподақ мүшелерінің он төрт адамына наградалар мен отыз адамына сыйлықтар табысталды.
Жиын соңында кәсіподақ төрағалары алғыстарын айтып, кәсіподақ қозғалысын әрі қарай дамытуға және «Қауіпсіз еңбек жылы» аясында белсенді жұмыстар жасауға сенім білдірді.