Арыс аудандық полиция бөлімінің жаңа басшылық қызметіне полиция подполковнигі Қуатов Бауыржан Батырханұлы тағайындалды.
Облыстық полиция департаменті бастығының кадр жөніндегі орынбасары, полиция полковнигі Бауыржан Сапарұлы жаңа басшыны қала әкімдігінің активіне таныстырды.
Қуатов Бауыржан Батырханұлы 1980 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Еңбек жолын 2005 жылы ішкі істер органдарында бастаған. Әр түрлі жылдары өңірімізде құқық қорғау органдарында басшылық қызметтерді атқарып келген. Өткен жылдың қаңтар айынан бастап осы уақытқа дейін Түркістан облысының криминалды полиция басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарған.
Жиында қалалық әкімдік активі жаңа басшыға жылы лебізін білдіріп, алдағы уақытта қала тыныштығын күзетуде тығыз байланыста жұмыс жасаймыз деген сенім білдірді.