— мобильді қосымшалар арқылы тауарларды, жылжымайтын мүлікті немесе көлікті сатқан кезде абай болыңыз, төлемді жеке алғаныңыз жөн немесе “бейнеқоңырау” арқылы сатып алушының сенімділігіне көз жеткізген абзал.
— егер тауарларды, көліктерді сату, пәтерлерді жалдау туралы хабарландыруда алдымен алдын ала төлем салу керек екендігі көрсетілсе немесе сатушымен байланыс тек “WhatsApp” арқылы жүретін болса, сақ болыңыз “Qiwi”, “Yandex ақша” және т.с.с. электрондық төлем жүйелеріне ешқашан ақша салмаңыз.
— сізге әр түрлі мессенджерлер және әлеуметтік желілер арқылы жіберілуі мүмкін күмәнді сілтемелерге өтпеңіз, себебі бұл қаскөйлерге сіздің ұялы банкингтегі қаражатыңызға қол жеткізуге мүмкіндік беретін вирустық файлдар мен қосымшалар болуы мүмкін.
— өзіңіздің банктік картаңыздың мәліметтерін әртүрлі сайттарға енгізбеңіз, өйткені бұл сіздің жеке мәліметтеріңізді жинау үшін арнайы жасалған “фишингтік” сайттар болуы мүмкін, олар кейінірек сіздің банктік картаңызды рұқсат етілмеген төлемдер жасау үшін қолданылады.
— интернеттегі күмәнді байқауларға қатыспаңыз, онда олар сіздің ақшаңызды көбейтуге уәде береді немесе сізге үлкен ақшалай сыйлық туралы хабарлайды.
— күмәнді жобаларға ақша салмаңыз, олар криптовалютаға, акцияларға, бағалы металдарға және т.б. инвестициялау арқылы үлкен дивиденттер уәде етеді, компанияның сенімділігіне көз жеткізіңіз, интернеттегі шолулар мен пікірлерді оқыңыз, алаяқтар басқа елдердің абоненттік нөмірлерінен қоңырау шалып, олардың фирмасына инвестиция салудың артықшылықтары туралы сенімді түрде айтуы мүмкін…