Бүгін «Qaisar» әскери-патриоттық жобасы аясында «Чернобыль Ардагерлер Одағының» төрағасы Нақбаев Сайфулин Нақыпбекұлы, Чернобыль апаты зардабын жоюға қатысқан ардагерлері Гурбанов Джалал, Маниязов Анварбек Сантаевич, Cемей ядролық cынақ полигонының ардагерi Утенов Еркінбек жастармен сұхбат құрды.
Жастардың бойында отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, әскери патриоттық рухты қалыптастыру.
Қазіргі таңда ардагерлерімізді медициналық жабдықтармен қамту, емдік-сауықтыру орындарына жолдамалар, коммуналдық шығындарды төлеу жеңілдіктерінің қызметтері ұсынылған.
Ардагерлеріміз өмір мен өлім арасында жүріп, көзге көрінбейтін қауіпті жау – атом реакциясын тұмшалау үшін мылтықсыз майданды бастан кешірген. Отан үшін от кешіп, бауырмалдығы мен ерлікке толы қаһармандық істері жас ұрпақтың жадында мәңгі сақталады.
Айта кететін, Қазақстанның барлық өңірі мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ардагерлерге төлем жасалды. Аталған мақсаттарға жергілікті бюджеттерден барлығы 187 млн теңге бөлінді.
Әлеуметтік көмек көрсетудің қолданыстағы қағидаларына сәйкес, 9 мамырға орай берілетін біржолғы төлемдер сомасы жергілікті бюджеттердің мүмкіндіктеріне және мәслихаттардың шешімдеріне байланысты әр облыста дербес белгіленеді, дейді Үкімет.
Қариялар – қазынамыз, даналықтың қайнар көзі. Ардақты қарттар – ақылшымыз, жанымызға медеу болатын қамқоршымыз. Данагөйлер елдің тілеуін тілеп қана қоймай, ұрпақ тәрбиесіне де үлес қосады.
Біз де ата-әжелеріміздің «Отаныңа адал бол» деген өсиетін орындап, еселі еңбек етіп келеміз. Олардың жүздерінен күрсініс емес, күлкі көру біз үшін бір бақыт. Атқарған қызметтеріне, ерен еңбектеріне бас иеміз. Олардың батасын алу – мен үшін мәртебе. Оларды құрметке бөлеу, қамқорлық жасау – біздің борышымыз.