Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 жарлығымен Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы бекітілді. Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында 6 міндет көзделген, онда бірінші міндет – сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру, атап айтқанда құндылықтарды өзгерту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру, мемлекеттік аппараттың парасаттылығын арттыру, бизнестің парасаттылығына жәрдемдесу айқындалған.
Адалдық, заңдылық және прагматизм әркімнің ішкі құндылық сеніміне айналуы керек. Қоғам сыбайлас жемқорлықты проблемаларды жеңілдетілген шешудің кепілі ретінде қабылдамауы, достық пен протекционизмді жұмыспен ұштастырмауы тиіс. Сыбайлас жемқорлар қоғамдық айыптауға ұшырауы керек. Парасаттылық жүйесін қалыптастыруда сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермейтін жаңа көзқарастары мен өмірлік принциптері бар жас ұрпақты тәрбиелеу маңызды рөл атқарады.
Саясатта жүргізіліп жатқан жұмыстың мынадай негізгі қағидаттары белгіленген:
— Адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың басымдығы. Университет адам мен азаматтың құқықтарын құрметтейді және жан-жақты қорғауды қамтамасыз етеді сондай ақ осы құқықтардың бұзылуына қарсы күресті жүзеге асырады.
— Саясаттың заңдылығы мен Қазақстан Республикасының заңнамасына және халықаралық нормаларға сәйкестігі. Университет Қазақстан Республикасының және Қазақстан Республикасы ратификациялаған, халықаралық шарттарды жұмыс жүргізетін немесе жүргізуді жоспарлайтын өзге де елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын қатаң сақтайды…