Бүгін Ордабасы ауданы Шұбар ауылдық округіне қарасты Сарытоғай ауылында фельдшерлік-акушерлік тірек пайдалануға берілді, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған r-factor.kz ақпараттық агенттігі.
Сарытоғайлықтардың қуанышын бөлісуге аудан әкімі Нұрбек Бадырақов арнайы барып, нысан құрылысының аяқталуын асыға күткен ауыл тұрғындарын құттықтады.
Сарытоғай ауылында 500-ден астам тұрғын бар. Ауыл тұрғындары бұрындары басы ауырып, балтыры сыздаған кезде аудан орталығына, Шұбар ауылына барған.
Ордабасы ауданында 9 медициналық тірек бой көтеруде. Бүгінгі таңға екеуі (Көлтоған, Сарытоғай елді мекендері) пайдалануға берілді. Қалғандары жылдың соңына дейін тапсырылады.