Ордабасы ауданының 60 жылдығына орай «Ауылым алтын бесігім» атты өнер фестивалі Бөгенде өтті.
Бөген ауылдық округінде ұйымдастырылған шарада ауылшаруашылық техникаларының, асыл тұқымды төрт түліктің, қолөнер шеберлерінің, ауыл округіндегі шағын кәсіпкерлердің өндірген заттары және мектеп, балабақша оқушылары жасаған бұйымдарының көрмесі өтті.
Сондай-ақ, ұлттық тағамдар мен кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық, бөгенннің балық өнімдері де жұрт назарына ұсынылды.
Бұдан бөлек спорттың қол күрес, қазақ күресі, шахмат, тоғызқұмалақ, гір тасын көтеруден жарыстар өтті.
Аудан әкімі Азат Оралбаев пен аудандық мәслихат төрағасы Бақдаулет Жұмабеков бөгендіктерге жүрекжарды құттықтауын жеткізіп, ауданның әлеуметтік экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан бірқатар азаматтарға алғыс хат беріп, сый-құрмет көрсетті.
Жоғарғы деңгейде өткізілген іс-шара барысында аудандық Мәдениет үйінің және Бөген ауылдық округінің өнерпаздары көпшілікке ән-күй тарту етіп, концерт соңы от шашуға ұласып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі