• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Автор:admin

Апр 23, 2024
Spread the love

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен арнайы жиында өрт қауіпсіздігі мәселелері талқыланды.
Отырыста 5 аудан әкімдері осы бағытта атқарылған жұмыстарды баяндады. Бүгінде әр ауданда дала өрттері туындаған жағдайда күш пен құралдарды жұмылдыру және тұрғындарды хабардар ету сызбасы дайындалып, алдын алу және жою бойынша мобильдік топ құрылған. Жауаптылар тілсіз жауды болдырмау мақсатында профилактикалық іс шараларды тұрақты түрде жүргізуде.
Казгидрометтің болжамына сәйкес, алдағы жаз мезгілі аптап ыстық болады деп күтіледі. Осыған байланысты бұл мәселе төтенше жағдайлар департаменті мен төтенше жағдайдың алдын-алу және жою комиссиясында қаралып, кешенді іс-шаралар жоспары бекітілді.
Еске салсақ, оқиға алдыңғы жылдың 16 желтоқсанға қараған түні сағат 01:57-де Қайнарбұлақ саяжайы, Ореховая көшесі №58 мекен жайында орналасқан тұрғын үйде болған. Марина түн ортасында көрші үйден шыққан қызыл жалынды байқап, өз өміріне қауіп төніп тұрса да, терезені сындырып, балаларды қою түтіннің арасынан аман алып шыққан.
Маринаның көзсіз ерлігінің арқасында кәмелет жасына толмаған алты бала өрттен аман қалып, қаһармандығына ел тәнті болған еді. Қала әкімі қауіп-қатерге қарамастан өзгенің өмірін құтқарған ерлігіне алғысын жеткізіп, Марина Гафароваға баспана жағынан қолдау көрсетуге уәде берді. Жақын арада шымкенттік батыр келіншекке демеушілердің көмегімен жаңадан салынып жатқан тұрғын үйден 4 бөлмелі пәтердің кілті табысталған болатын.
Жалпы қала аумағында «Жасыл Белдеу»және «Бадам» орман шаруашылықтары орналасқан. Екі орман шаруашылығының жер көлемі 4 мың 826 га, оның ішінде орманды алқабы 2 мың 999 га, ормансыз алқап 1 мың 827 га құрайды.
Қала басшысы жауаптыларға өрт қауіпсіздігінің алдын алу және жою жұмыстарын күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды R-FACTOR.KZ ақпарат агенттігі.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика