2023 жылдың 14 тамыз — 30 қыркүйек аралығында «УЧАСКЕ» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Төлеби аудандық полиция бөлімі ювеналдық полиция тобының инспекторлар құрамы, өздеріне бекітілген әкімшілік аумақтарын аралау жұмыстарын жалғастыруда. Негізгі бағыт құқықбұзушылыққа бейім жасөспірімдер мен олардың заңды өкілдерімен түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Қосымша, өздігімен рұқсатсыз үйінен кетіп қала беретін жасөспірім ата-анасының өтініші негізінде 14 жасар ұл бала өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына психологиялық көмек алу мақсатында орналастырылды. Аққұм ауылында жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, үлкенді құрметтеу, түн тыныштығын бұзбау тақырыптарында Кеңсай, Қапал батыр, Дамбалсай, Ақдала көшелерінің жасөспірімдерімен кездесулер ұйымдастырылды.
Арнайы іс-шара өткізу барысында полиция бөлімінің жеке құрамы қойылған міндеттерді орындау үшін жұмылдырылды.
Жедел-профилактикалық іс-шара кезінде патруль ұйымдастырылып, базар, сауда орынында, вокзалда бопсалаумен, қалта ұрлығымен айналысатындарды анықтап, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Сонымен қатар тоқтап тұрған құрылыс, тасталған объектілер, шатырлар, жертөлелер, кәріз шұңқырлары тексеріледі. Қару-жарақтың, оқ-дәрілердің және басқа да тыйым салынған заттардың заңсыз айналымы фактілері анықталып, шұғыл шаралар көріледі.
Полиция бөлімінің жеке құрамы жұмылдыралытн іс-шара кезінде ұрланған және айдап әкетілетін автокөліктерді анықтау мақсатында гараждар, автокөлік тұрақтарына тексеру жүргізіледі. Көші-қон заңдылығына сәйкес еліміздегі болу ережесін бұзған, елден шығару туралы сот шешімін орындамаған шетелдіктерді, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тарту ережесін бұзушы жұмыс берушілер анықталады.
Жол қозғалысына қатысты жолда жүру ережесін өрескел бұзушыларды жауапкершілікте тарту мәселесі қатаң қадағаланады.
«Учаске» жедел-профилактикалық іс-шара кезінде жеке құрамның заңдылықты қатаң сақтауы, азаматтармен сыпайы қарым-қатынас жасауы бақылауға алынып, күнделікті есеп жүргізіледі.