• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Автор:admin

Авг 1, 2023
Spread the love

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Б.Полатовтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды R-factor.kz ақпарат агенттігі.
Жиынға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Сарыағаш аймағы бойынша ауданаралық басқармасының қызметкерлері Б.Өмірбеков, Қ.Данияр, аудандық прокуратура қызметкері А.Еламан, аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия мүшелері, бөлім басшылары мен қала, кент және ауылдық әкімдері қатысты.
Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-мемлекеттік саясаттың басым бағыты туралы аудан әкімінің орынбасары Б.Полатов хабарлама жасады.
Екінші мәселе сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша атқарылған жұмыстары туралы Дарбаза ауылдық округі әкімі Б.Әуезовтың баяндама жасады.
Сонымен қатар, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысының міндетін уақытша атқарушы Н.Ақментаевтың сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті тақырыбында атқарылып жатқан іс-шаралар туралы есебі тыңдалды.
Баяндамашылардың есебін тыңдаған Б.Полатов жемқорлықтың біздің қоғамдағы өршіп тұрған мәселе екенін қатаң еске салып, онымен күресу үшін тиімді жүйелі жұмыстар жүргізуге тапсырма берді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика