Бүгін, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Бахадыр Мәдәліұлы Нарымбеовтың төрағалығымен аппараттық мәжілісі өтті. Мәжіліске қалалық филиал қызметкерлері, аудандық филиал төрағалары мен атқарушы хатшылары қатысты.
Күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды:
1)Партияның Абай аудандық филиалының атқарған жұмысы туралы есебін тыңдау.
2)Ағымдағы мәселелерді талқылау және алдағы кезеңге міндеттерді белгілеу.
Күн тәртібіндегі бірінші меселе бойынша партияның Абай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Есімхан Қалмаханұлы Бертаев баяндама жасап, ү.ж. 6 айында аудан көлемінде атқарылған жұмыстармен таныстырды. Мәжілісті қорытындылаған Бахадыр Мәдәліұлы бірқатар маңызды тапсырмалар беріп, оның орындалуын бақылауға алуды тапсырды.
Сонымен қатар, бүгін «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалында кезекті қоғамдық қабылдауы өтті. Халық қалаулылары алдын ала белгіленген кестеге сәйкес, халықтың мұң- мұқтажын тыңдап, мейлінше әрбір азаматқа көмекетесіп келеді.
Бүгін қалалық мəслихат депутаты Əшірбаев Байкен Əшірбайұлы қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға келген тұрғындардың бірі әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын айтса, бірі баспана мәселесін қозғады.
Қалалық мəслихат депутаты келген азаматтарға заң аясында кеңес беріп, тұрғындар көтерген сұрақтар мен ұсыныстардың бірқатары оң шешімін тапты.
Өз кезегінде өтініш иелері партияға деген сенімдерін білдіріп, сәттілік тіледі.
Бұдан бөлек, жергілікті атқарушы орган басшылары, партия филиалдарының төрағалары, заңгерлер мен адвокаттар, нотариус пен медиаторлар өңір халқының мәселелерін заң аясында қаралады.
Партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінде ай сайын жергілікті атқарушы орган басшыларын қатыстыра отырып, «Ашық есік күні» тақырыптық қабылдаулары ұйымдастырылуда. Сондай-ақ «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында тоқсанына бір рет қабылдау өткізіліп, қабылдау нәтижесі бойынша қаншама азаматтың мәселесі оңынан шешілді. Халықпен кері байланыс орнату және азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету мақсатында қаламыздың шалғай елді мекендерінде көшпелі қоғамдық қабылдаулар да өткізілуде.
Бұдан өзге, партияның ұйымдастыруымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары мен жергілікті атқарушы орган басшыларының қатысуымен мобильді қоғамдық қабылдау өткізді.