• Пн. Сен 21st, 2026
Популярные метки

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАННЫҢ МЫҢДАҒАН ПОЛИЦЕЙІ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

Автор:admin

Сен 21, 2026

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Ғалымжан Қуашбаев бастаған полицейлер Ащысай тау бөктеріндегі тазалық жұмыстарына қолдау білдіріп, қоршаған ортаны ретке келтірді.

Жалпы полиция қызметі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар, қоғамға үлгі болуды да көздейді. Осы мақсатта облысқа қарасты 17 қалалық және аудандық полиция бөлімдерінің мыңдаған полицейі жаппай сенбілікке шықты. Олар қызметтік аумақтармен қатар, елді мекендердегі қоғамдық орындардың тазалығына үлес қосты.

Бұл шара Дүниежүзілік тазалық күніне орай «Таза Қазақстан» акциясы аясында облыстың барлық аумағында өткізілді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика