• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Кәсіподақ мүшелерімен мақтанамыз!

Автор:admin

Июл 18, 2023
Spread the love
«Шымкент қаласы білім, спорт және бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің құрамына кіретін Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Қ.Сыпатаев атындағы 7 IT мектеп-лицейі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшесі биология пәнінің мұғалімі Абжанова Асемкуль Салидиновна.  Абжанова Асемкуль Салидиновна 1956 жылы 11-қарашада Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Мемлекеттік Қыздар педагогикалық институтының 1979 жылы жаратылыстану география факультетінің химия-биология бөлімін бітірген. Абжанова Асемкуль Салидиновна жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды өзінің сабақтарында алғашқылардың бірі болып 1998 жылдан тиімді қолдана білген ұстаз. Деңгейлеп оқыту технологиясы негізінде тапсырмалар дайындап, қалалық, облыстық семинарларда және педагогикалық оқуларда баяндамалары тыңдалып, нәтижесін көрсете білді.
2001-2002 оқу жылында «Тақырыпқа сай биологиялық есептер мен жаттығуларды сабақта пайдалану» тақырыбында, 2002-2003 оқу жылында облыстық тамыз конференциясында «Биология сабағында Ж.Қараевтың оқыту технологиясы негізінде әртүрлі деңгейлік тапсырма дайындау және қолдану» тақырыбында 2005-жылы «Жалпы биология мектепте оқыту» атты-ғылыми-әдістемелік республикалық журналдың 3-санында «Ж.Қараевтың оқыту технологиясы негізінде деңгейлік тапсырмаларды орындау» тақырыбында баяндамасы жарық көрді. 2004-2005 оқу жылында Алматы қаласында өткен ұлттық пікірсайыс орталығының ұйымдастыруымен Халықаралық ғылыми конференцияда «Пікірсайыстың педагогикадағы ролі» тақырыбындағы баяндамасы арнайы жинаққа еніп, республикалық баспасөзде жарық көрді. 2011-жылы «Оқытудың интербелсенді тәсілдері : жетістіктер мен проблемалар» тақырыбындағы баяндамасы жинаққа енді.
2011- жылы Қазақстан Республикасының «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» медалімен, 2014-жылы «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен, 2011-жылы «Дарынды балалар -Қазақстанның болашағы» атты энциклопедия төсбелгісімен, 2006-жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен, 2008-жылы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің Мақтау қағазымен, 2009-жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық Нұр Отан ХДП-ның Алғыс хатымен, 2012-жылы Шымкент қалалық әкімшілігінің Алғыс хатымен, 2013-жылы «Білім беру ісінің үздігі» медалімен еңбектері бағаланды.
2000-жылы II Республикалық оқушылардың ғылыми жоба жарысында сертификатпен, 2000-2001 оқу жылында облыстық ғылыми жоба байқауынан I орын, 2003-2004 оқу жылында қалалық ғылыми жоба байқауынан III орын, 2004-2005 оқу жылында қалалық пән олипиадасынан I орын, 2006-2007 оқу жылында облыстық ғылыми жобадан мақтау қағазымен, 2007-2008 оқу жылында 11б сынып оқушысы Жүнісбекова Дина қалалық пән олимпиадасынан II орын, оқушылардың кіші ғылыми Академиясының облыстық байқауында I дәрежелі дипломмен, 2008-2009 оқу жылында 11г сынып оқушысы Баратова Ақбөпе облыстық ғылыми жоба байқауында жобасы қорғалып, марапатталды.
2010-жылы Барақова Жазира 3-орын, 2012-жылы Жүнісбек Айғазы 1-орын, 2012-жылы Аскербек Үміт 2-орын, 2014-жылы кіші ғылыми академиясының ғылыми жоба жарысында Жүнісбекова Дина 1-орын, Қалдыбаева Таңшолпан 2-орынды иеленген.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика