Бүгін, арнайы бекітілген кестеге сәйкес Шымкент қаласы, Тұран ауданы, «Айкөл», «Құрсай» тұрғын алабының ауыл билерімен, белсенді азаматтарымен, тұрғындарымен жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісім мәселелеріне бағытталған кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды R-FACTOR.KZ.
Кездесуге қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің, Тұран ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында еліміздің қолданыстағы заңдылықтарын сақтау, ішкі біртұтастық пен бірлікті бекемдеу, жастар өкілдеріне оң тәрбие беру, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қала аумағындағы кәсіпкерлік нысандарындағы ақпараттардың мемлекеттік тілде жазылуы т.б. жан-жақты мәселелері сөз болды.
Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру болып табылатынын нақтылап өтті. Кездесу барысында Ұлттық құрылтайдың екінші отырысының қорытындылары мен елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалар талқыланды.
Жалпы, елдің біртұтастығы әрбір қазақстандық үшін аса қажетті мәселе. Халқымызда «Бірлік болмай тірлік болмайды» деген сөз бар. Осы сөзді ұраны етіп ұстанған жергілікті тұрғындар арасындағы өзге этнос өкілдері жастарын үнемі тәрбиелеуде екендігін айтып отыр. Кездесуде тұрғындар арасында отансүйгіштік, тәрбие, әскери борышты өтеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру сынды мәселелер кеңінен сөз болды.
Сонымен қатар қатысушылар елдегі қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту, өскелең ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеу қажеттігін айтып, Әділетті Қазақстанды қалыптастыруда барынша атсалысуға шақырды.