• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН МЕКЕМЕДЕ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ ҚҰРЫЛДЫ

Автор:admin

Июл 6, 2023
Spread the love

2023 жылдың 3 шілдесінде «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов жақында ғана жаңадан ашылып, жұмысын бастаған Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесуге ардагерлерге қызмет көрсететін 41 адамнан тұратын ұжым мүшелерімен бірге мекеменің басшысы Серік Сейілұлы Бабакулов қатысты.
Жиында филиал төрағасы Серік Әуесханов: «Кәсіподақ — жұмыскерлердің, мемлекеттік қызметкерлердің еңбек құқын қорғайтын, олардың қауіпсіз және қолайлы жағдайда жұмыс жасауына, демалуына, шипажайларда емделуіне, отбасы мүшелеріне көмек алуға ықпал ететін бірден бір қоғамдық ұйым» және ҚР Еңбек Кодексінің 156, 157, 158-баптарына сәйкес Ұжымдық шарт қабылдау міндетті екенін баяндап, қатысушылардың сұрақтарына тұщымды жауаптар беріп, нәтижесі бойынша ұжым мүшелерінің жалпы жиналысы бірауыздан бастауыш кәсіподақ ұйымын құру туралы шешім қабылдады.
Мекемеге жұмысқа қабылданған 41 адам толығымен 100% кәсіподақ мүшелігіне кіру туралы өтініштерін беріп, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының құрамында болуды ұйғарды.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 27 маусымынан «Кәсіптік одақтар туралы» № 211-V Заңына сәйкес. Кәсіптік одақтар (кәсіподақ) — өз мүшелерінің еңбек, және тағы да басқа әлеуметтік-экономикалық мүдделерін ұсынуға және қорғауға арналған, Қазақстан Республикасы азаматтарының өндірістік- кәсіби мүдделерінің ортақтығы негізінде, азаматтармен ерікті түрде құрылатын өздік, бекітілген жеке мүшелігі бар қоғамдық бірлестіктер.
Кәсіптік одақтар қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін ұсынудың және қорғаудың маңызды кепілдердің бірі болды және болып қалады.
Кәсіптік одақтың негізгі мақсаты бұл — қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін ұсыну және қорғау болып табылады.
Мекеменің жалпы жиналысында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы болып, Өнербаева Айнұр Оразбайқызы сайланды.
Жиын соңында мекеме басшысы С.Бабакулов ұжым мүшелерінің нәтижелі жұмыстар атқаратынына сенім білдірді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика