Қазығұрт аудандық сотының төрағасының м.а Н.Жумабаев Қақпақ ауылдық округінде, судья Д.Амантайқызы Жаңабазар ауылдық округінде және судья И.Тоғызбаев Қызылқия ауылдық округінде халықпен кездесу өткізді.
Жиынға аудан прокуратура өкілдері, ауылдық округінің әкімдері, ауыл ақсақалдары, билері, ауыл молдалары, дәрігерлер, ауыл әкімшілігі қызметкерлері және ауыл тұрғындары қатысты.
Жиында медиация мәселесі кеңінен талқыланып, сотқа дейінгі және сотта медиация жүргізілу жолдарын түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар ауылды жерлерде мал ұрлығына қатысты істер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қатысушылар өздерінің қызықтарған сұрақтарын қойып, жауаптарын ала алды.