• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

Автор:admin

Май 16, 2023
Spread the love

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында «Ашық есік күні» өтті. Әділет, полиция, прокуратура, тұрғын үй, жұмыспен қамту басқармаларының және «Агрокредит» корпорациясының мамандары тұрғындарға өз салалары бойынша кеңес берді.
Қоғамдық қабылдауға келген азаматтар көптен бері шешімін таппаған құжаттандыру, алаяқтық, әлеуметтік, құқықтық, баспана, несие мәселелері бойынша өтініштер айтты. Мәселен, Владимир Степанович еңбек өтілі бойынша зейнетке шығудағы сандалысын айтып, көмек сұрай келсе, Андрей Петрович полиция басқармасына қылмыстық әрекеттер бойынша наразылық білдірді.
2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары бойынша биылғы жылы 57 696 адамға жұмыспен қамту шараларын көрсету жоспарлануда. Оның 35 276 орны– тұрақты, 18 128 орны – уақытша жұмыс орындары. Бүгінге күнге, яғни 6 айда 30 481 адам жұмыспен қамту шараларына қатысып отыр, яғни жоспар 52,8% орындалды.
Ал, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде осы жылы 33 500 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, оның ішінде 20 759 орын тұрақты жұмыс 8 449 орын уақытша жұмыс орындары белгіленіп отыр. Жыл басынан бері 13 363 адам жұмыспен қамту шараларына қатысты.
Сондай-ақ, қазір Шымкент қаласында 83 928 зейнеткер бар, оның 568-і жалғызілікті қариялар. Жалғызілікті қарттарға арналған бөлім ашуды қала әкімі Мұрат Әйтенов өткен жылы орталықты аралау барысында тапсырған болатын. Қала әкімі бастамасымен ашылған бұл сауықтыру бөлімшеде дәрігерлік тексеру, фитобар, емдік массаж бен физиотерапия кабинеті мен тұз шахтасы, сурет салу, қыш қолөнер шеберханасы мен еңбек терапиясы секілді 27 сауықтыру қызмет түрі бар. 25 орынға лайықталған бөлімде 3 мезгіл ыстық тама та қаралған.
Қаратау ауданының тұрғыны Мираев Талғат еңбекақысын ала алмай дал. Ал Маметов Ерғали несие алу жолын қарастырып жүр. Азат шағынауданының тұрғыны Каликулова Нулифар үйінің жанындағы жолы жабылып, әбігерге түскенін айтады. Партия өткізген «ашық есік» күнінде азаматтар көңілге қонымды жауап алды.
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшы орынбасары Бекайдар Төлегенов бастаған сала мамандары барлық айтылған ұсыныстарды назарға алып, жазып алды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика