«Қалың қалай бастауыш ұйымы?» атты акциясы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «2022 жыл – Әлеуметтік әріптестік жылы» деп жариялауына байланысты «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Шымкент қалалық филиалымен бастауыш кәсіподақ ұйымдарында 56 кездесу өткізіліп, оған 2804 адам қамтылды. Биылғы жылы ол жалғасын табуда. Жалпы өткізілген кездесу, дөңгелек үстел, акция, семинар-кеңес, форум, іс-шара саны – 152.
Кездесу кезінде кәсіподақ мүшелерінің қал-жағдайларымен танысып, еңбек қатынастары және еңбек қауіпсізігін сақтау, ұжымдық шартты қабылдаудың маңыздылығы, әлеуметтік қолдау, материалдық және моральдық тұрғыда ынталандыру, т.б. мәселерді қамти отырып, кәсіподақ қозғалысына еңбегі сіңген кәсіподақ мүшелеріне түрлі дәрежедегі наградалар табысталған.
Жалпы 215 (7,2%) адамға моралдық және материалдық ынталандыру жасалған, атап айтқанда, жалпы 182 адамға, оның ішінде ҚРКФ наградасы 2 адамға, «Қызмет» салалық кәсіподағының наградасы 14 адамға, филиалдың наградасы 147 адамға, сондай-ақ Шымкент қаласы әкімдігінің наградасы 10 адамға және Шымкент қалалық маслихатының наградасы 9 адамға тапсырылып, 33 адамға заттай және қаржылай сыйлықтар берілді.
Шипажайға жеңілдікпен 11 жолдама берілген, оның 1-уі биылға.
Оның жалғасы ретінде 17 мамыр күні өткен атқару комитетінің кеңейтілген отырысында 30 адамға марапаттар мен сыйлықтар табысталған.
БАҚ-тарда еңбек қатынастары және кәсіподақ жұмыстары жөнінде өткен жылы жалпы 255 материалы жарияланған. Оның ішінде: «Еңбек адамы» туралы – 10, кездесулер, шалар, тағы басқалары — 245. Ал, биылғы жылы 25 материал жарық көрген.
Қазақстан тарихындағы соңғы реформаларға сәйкес еңбек адамына деген, жалпы еңбекке деген көзқарас бастапқы арнасына бұрылып, қамқорлыққа бөлене бастағанын аңғарып жүрміз. Әрі ол, шын мәнісінде, оңтайлы құбылыс. Қазіргі қоғамдағы прогрессивті реформаларға қарағанда осыдан бастап еңбек пен еңбек адамына деген көзқарастың оңтайлы арнаға түсетінін байқауға болады
2022 жылдың және 2023 жылдың есепті мерзіміне бастауыш кәсіподақ ұйымдарының ішінен Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» атағына лайықты екендігін дәлелдеп отыр.
Ол үздік номинация «23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күні» мерекесінде табысталатын болады.