«18 мамыр – халықаралық музей күніне» орай, Шымкент қаласының ашық аспанындағы «Шым қала» тарихи-мәдени кешенінде «Халықаралық музей түні» мерекесі аясында «Музей – тарих қоймасы, өмір айнасы» атты іс-шарасы ұйымдастырылды.
Ежелгі тарихтың негіздерін бүгінгі күнмен қосатын жолды құрап, уақыттың үзіліссіз байланысын көрсететін қазіргі дау-дамайдағы адамзатқа қажетті көп қырлы қоғамның тарихи тәжірибесін зерттейді.
Тарихи-мәдени мұрамен хабардар етіп, тек тарихты ғана емес, сонымен қатар болашақта болатын жағдайды баяндайды.
Тарихи-мәдени ескерткіштер – ұлттық тарихымыз бен мәдениетіміздің құнды жәдігерлері болып табылады. Ескерткіштер әрбір елдің тарихы мен өткенінен сыр шертер халықтың ұлттық байлығы ғана емес, оның сол елдің өткені мен бүгінін саралайтын, сол арқылы келешек ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде де маңызы зор.
Іс-шараға «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарын және іс-шараны ұйымдастырушы кешен қызметкерлерін атаулы мерекемен құттықтап, «Шым қала» тарихи-мәдени кешені коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне және ардагеріне «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Құрмет грамоталарын» табыстады.
Атап айтқанда, «Шым қала тарихи-мәдени кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері: Кенжекулова Мадина Дүйсенбайқызы, Сыпатаева Кунсулу Балқыбекқызы, Тулеева Нұрсұлу Марқабақызы, Медетбекова Нуржамал Орынбасарқызы, Даулеталиева Айнагүл Оразбекқызы, Эрметова Феруза марапатталды.
Іс-шара барысында келген жұртқа «Музей – құндылықтар ордасы» тарихымен таныстырылып, кәсіпкерлермен ұлттық нақыштағы киімдердің сән үлгілері көрсетіліп, салт-дәстүрге сәйкес өнерлі оқушылар мен студент жастардың концерттік бағдарламалары қойылып, әсем әндер шырқалып, мың бұралған бишілердің билерін тамашалады.
Осылай тарихқа терең шолу жасаған қала тұрғындары мен қонақтары көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.