• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

КҮШ БІРЛІКТЕ

Автор:admin

Май 3, 2023
Spread the love

2023 жылғы 2 мамыр күні Шымкент қалалық «Ассамблея жастары» ұйымы мен М.Әуезов атындағы ОҚУ жанынан құрылған «Достық» клубының ұйымдастыруымен “Күш бірлікте” тақырыбында этнофестиваль өткізілді.
Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымындағы маңызды этикалық ұғым. Бірлік адамдар арасындағы ынтымақтың, жарасымды татулықтың көрінісі, ел болудың белгісі. Ол белгілі бір топтың, ұжымның, халықтың, жалпы адам баласының мақсат, мұрат, мүдделері тоғысынан туындайды. Қазақ халқы бірліктің күнделікті тіршіліктегі орны мен маңызын “бірлік болмай тірлік болмас”, “бірлік түбі — береке”, “алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді” деп түйген. Бірлікті ыдыратып, ірітуші күш — күншілдік, іштарлық, араздықтық деп тауып, жұртшылықты мұндай жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ салуға шақырған. Бірлік елдіктің, ұлт болып ұйысып отырудың басты кепілі саналған. Сондықтан ел тізгінін қолына ұстаған адамдар — ақсақалдар, билер, хандар ел ішіндегі асқынған дау, ушыққан жанжалды тыйып, шешім қабылдағанда ел бірлігіне сына түспеу жағына баса көңіл бөлген.
Мәдениет – бұл өте күрделі, көп деңгейлі жүйе. Мәдениетті оның жеткізуі бойынша бөлеміз, әлемдік және ұлттық мәдениетті бөлу. Әрбір мәдениет этносқа, халыққа қатысты болады, ұлттық болып табылады. Алайда осы мәселе бойынша әр түрлі көзқарастар бар.
Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары:
— Мәдени әрекетс
— Мәдени орта;
— Мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және;
— Мәдени ұйымдар мен ұжымдар.
Моральдық мәдениет – адамдардың жасаған заттық және рухани құбылыстарының әлемі ретінде түсінілетін мәдениет аспектісі, онда дүниені игерудегі, адамның дүниедегі орнын анықтаудағы, адамның тірі жан және әлеуметтік субъект ретіндегі тектік қабілеттері мен мүмкіндіктері дамытылған, адамдық күштері іске асырылған. Мәдениет – бұл адамның текті жан ретінде қалыптасу нәтижесі, шарты және процесі.
Іс-шара барысында әр ұлттың мәдениетін таныстыруға бағытталған концерттік бағдарламамен түрлі этнос өкілдерінің тағамдарынан жәрмеңке ұйымдастырылды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика