Бүгін Шымкент қаласында “Көрме” орталығында Қазақстандық коалициясы заңды тұлғалар қауымдастығының «Арман алаңы» атты мерекелік іс-шара өткізді.
Іс-шара мақсаты — ерекше күтімді қажет ететін балалар мен жасөспірімдерге мерекелік көңіл-күй сыйлау, сондай-ақ түрлі қоғамдық қор өкілдері арасында пікір алмасып, тәжірибе бөлісу болып табылады.
Іс-шараға қатысушылар балардың қолымен жасаған әртүрлі гүлдер, сыйлықтар, әшекейлер ды естелікке сатып алып жатты. Мүмкіндігі шектеулі баланы қоғамға бейімдеу аса маңызды. Мүгедек балалар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың денсаулығына және тәрбиесіне ерекше мән берілуі тиіс. Тәрбиенің мақсаты яғни мүмкіндігі шектеулі жан өзін қоғамнан адам өмірінен алшақ ұстап қалмас үшін оларды еңбекке үйрету және де өмірде өз орнын табуға, өмірге икемді жеке тұлға тәрбиелеп қалыптастыру. Қазақ халқымыз «Еңбек еткен, мұратына жеткен» -деп бекер айтпаған. Осы бір керемет мақалдың ішіне бәрі сыйып тұрғандай. Яғни мүмкіндігі шектеулі жандар еңбек ете отырып өздерінің мұраттарына да жете білген. Мүмкіндігі шектеулі, мүгедек балалар дегенде көз алдымызға еңбекке жарамайтын, тек қана ата-ана қамқорлығындағы жандар деп елестетеміз. Еңбек бұл адамдардың өмірлік қажеттіліктері. Еңбек ету арқылы олар бір –бірін түсінеді, қоғамға бейімделеді, өмірге деген құштарлықтары арта түседі. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ата-ана мен педагогтардың орны ерекше. Ата –ана баласының қалаған ісі мен еркін айналысып, қоршаған ортаны тануына, балалардың өзін толыққанды сезінуіне көмектесіп, оларға жол аша білуі тиіс.
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз» деп атап көрсетті.
Әр бала бақытты болуға лайықты!