Шымкент қаласында «МАДЛЕН» кондитер өнімдерін шығаратын компания қызметкерлеріне еңбек қауіпсіздігін сақтау, еңбек жағдайлары және еңбекті қорғауға байланысты семинар-тренинг өткізілді. Семинарға «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Жарқынбек Құрманбек пен «Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы» басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов қатысты. Жиын барысында өндірістік жарақаттанудан, кәсіби аурушаңдықтан сақтану, өндіріс орнында тәуекелдерді азайту және қауіптерді жою үшін қауіпсіз жұмыс ортасын қамтамасыз ету маңыздылығы жөнінде сөз өрбіді. Кездесуде Жарқынбек Айдарбекұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға өндірістегі жазатайым оқиғалардың жағдайын, еңбек қауіпсіздігін қалыптастырудағы кәсіподақтардың рөлін, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау бойынша жұмысшыларды оқыту негіздерін, сондай-ақ, еңбек жағдайын жақсарту жөнінде түсіндірді. Одан өзге, Қазақстан Республикасы Заңнамалығына сәйкес әрбір қызметкер еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға, сондай-ақ еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес санитариялық-тұрмыстық жайлармен, жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге құқылы екені түсіндірілді.
Мемлекет пен бизнес жұмыскерді азамат және адал еңбекші ретінде құрметтеуге міндетті. Еңбек адамы ғана – қоғам әл-ауқатының бірден-бір көзі!
Қазақстандық еңбеккердің мүддесі тыңдалып қана қоймай, жүзеге асуы тиіс. Мәжіліс пен мәслихат сайлауында өз сөзіңді айтпасаң, меншік иелерінің қазақстандық еңбекшілерді қанауы жалғаса береді.
Біз еңбеккердің табысы өсіп, оны пайдалану дәрежесі төмендейтін, шәкіртақы, зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы кедейліктен қорғайтын қоғам құруға шақырамыз.
Бұған шынымен қол жеткізуге болады. Ол үшін жеке кәсіпорын үшін де, ұлттық байлықты мемлекеттік қайта бөлу арқылы да табыстың әділ бөлінуін қамтамасыз ететін тікелей әрекет ету заңдары қабылдануы тиіс.