• Вт. Авг 4th, 2026
Популярные метки

Автор:admin

Авг 4, 2026

«STOP-RISK» жобасы аясында Әл-Фараби ауданы прокуратурасының бастамасымен және үйлестіруімен «Арбат» саябағында мобильді топтың қатысуымен профилактикалық іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру, заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыру және жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз қоғамдық орындарда жүруіне жол бермеу.

Прокуратура, полиция және уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері жасөспірімдер мен ата-аналарға заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылық үшін жауапкершілік, балалардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздігі, сондай-ақ интернет-алаяқтықтың, буллингтің және психоактивті заттарды қолданудың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Прокуратура ата-аналарды балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, олардың жүрген жерін бақылауда ұстауға және қауіпсіз орта қалыптастыруға шақырады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *