• Вт. Авг 4th, 2026
Популярные метки

Автор:admin

Авг 4, 2026

Еңбекші ауданының прокуратурасы «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясындағы «Тазалық сақшылары» жобасы шеңберінде оқу-сауықтыру лагерінде демалып жатқан оқушылармен танымдық-профилактикалық кездесу өткізді.

Кездесу барысында жас ұрпаққа құқықтық сауаттылықты арттыру, қоғамдық тәртіпті сақтау, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау және нөлдік төзімділік қағидатын ұстанудың маңыздылығы кеңінен айтылды.

Іс-шараның басты мақсаты – жастардың құқықтық мәдениетін жетілдіру, олардың бойында азаматтық жауапкершілік пен туған жерге деген қамқорлық сезімін нығайту, сондай-ақ қала аумағында тазалықты сақтау, коммуналдық қызметкерлердің қоғамдық беделін арттыру және олардың адал еңбегіне деген құрметті қалыптастыру.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *