• Пн. Май 18th, 2026
Популярные метки

Шымкентте батыр полицейдің атына «Жас сақшы» сыныбы ашылды

Автор:admin

Май 18, 2026

Шымкент қаласында №16 мектепте қызметтік борышын атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан полицей Ғазиз Байтасовтың атындағы «Жас сақшы» мамандандырылған сыныбының салтанатты ашылуы өтті.
9 сыныптың 30 оқушысы жаңа кезеңге қадам басып, жас тәртіп сақшылары қатарына қосылды. Жоба жасөспірімдердің бойында патриоттық рухты, тәртіпті, заңға құрметті және жауапкершілік сезімін қалыптастыруға бағытталған.
Салтанатты шара барысында полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрбол Мырзатаев оқушыларға Отанға адал қызмет етудің маңызын айтып, әділ болуға шақырды.
«Жас сақшы» сыныбының оқушылары үшін құқықтық тәрбие, дене шынықтыру және полиция қызметінің қыр-сырын таныстыруға бағытталған арнайы сабақтар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, олар полиция қызметкерлерімен бірлескен патриоттық және профилактикалық іс-шараларға қатысады.
Мамандандырылған сыныптың ашылуы — ұрпақтар сабақтастығының, ішкі істер органдары қызметкерлерінің ерлігіне құрметтің, және қоғам мен заңға қызмет етуге дайын жастарды тәрбиелеуге деген ұмтылыстың айқын көрінісі болды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *