• Пн. Май 18th, 2026
Популярные метки

Автор:admin

Май 18, 2026

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Еңбекші ауданы Полиция басқармасы қызметкерлерімен құқықбұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау мақсатында «Бір нүктелік» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген әкімшілік аумақта тұрғын үйлерді аралап, азаматтарға құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, байланыс мәліметтері көрсетілген визиткалар таратты.

Сонымен қатар профилактикалық есепте тұрған азаматтар учаскелік полиция пунктеріне жеткізіліп, олармен профилактикалық әңгімелер өткізілді. Құқықбұзушылықтардың алдын алу және олардың қандай да бір қылмысқа қатыстылығын анықтау мақсатында қол-саусақ іздері алынды.

Бұдан бөлек, есепте тұрған қару иелеріне қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп, қаруды сақтау талаптарының сақталуы бақылауға алынды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *