Ақмола облысы, Щучинск қаласында қазақ күресінен 23 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты болып өтті, деп хабарлайды Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
Байрақты бәсекеге еліміздің әр өңірінен жиналған 20 команда 400-ге жуық спортшы қатысып, бағын сынады.
Түркістан облысының ұлттық құрамасының намысын қорғаған Кентау қаласының спортшысы 70 келі салмақта күрескен Қыдырәлі Ақбота — ІІ орынды күміс медальді және 77 келі салмақта күрескен Абақова Адина ІІІ орынға ие болып, қола медальді қанжығасына байлады.
Жаттықтырушылары Самат Аргинбаев және Қанат Арғымбаев.
Ұлттық ойындар – өскелең ұрпақты үйлесімді тәрбиелеудің ажырамас бөлігі. Қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы Мағжан Жұмабаев ұлттық ойындарды «халық мәдениетінің бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтырудың негізгі элементі» деп тұжырымдаған екен. Бүгінде ұлттық спорт түрлері бұқаралық сипатқа айналып келеді.
Бүгінгі жаһандану заманында әрбір ұлттың өзіндік бет-бейнесін айшықтайтын бірден-бір жолы – ұлттық қадір-қасиеті мен әдет-ғұрпы.
Ұлттық спорттың ұрпақ тәрбиесіне берер тағылымы зор. Жастарымыз шетелдік әртістерге емес, қазақы танымдағы тарихи мұраларға, ұлттық ойындарға қызығып, ұлтжанды болып тәрбиеленуіне ұлттық спорт ерекше үлес қосып келеді.
Қазақстан азаматтары салауатты өмір салтын ұстанатын және бұқаралық спортпен белсенді айналысатын, халықаралық спорт аренасында беделі жоғары және допинг қолдануға нөлдік төзімділікпен қарқынды дамып келе жатқан спортта жетістіктерге жеткен мемлекет ретінде дамуда.
Дене шынықтыру мен спортты дамыту саясатын іске асыру барлық деңгейдегі дене шынықтыру мен спортқа халықтың қолжетімділігін қамтамасыз етуге және сапасын арттыруға, салауатты өмір салтын дамытуға, спорт резервін үздіксіз даярлауды қамтамасыз етуге және еңбек нарығының, сол сияқты болашақ экономиканың ағымдағы сұраныстарына жауап беретін ұлттық құрама командаларды даярлауға бағытталған.
Спортпен айналысқан адамдың денсаулығы мықты, әрі шыдамды болады. Денсаулық адамның ең қымбат дүниесі. Спорт адам өмірін ұзартады деген сөзді де жиі естуге болады. Спорттың адам өміріне көп пайдасы тиетіні сөзсіз. Сондықтан да адам баласы спортты жанына серік қылу керек. Ұлттық ойындар – қазақ халқының ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын – сауықтардың бір түрі. Оның бастауы алғашқы қауымдық қоғамда шыққан.
Ұлттық ойындар негізінде әр халық түрлі – түрлі жаттығулар жасау жолымен дене шынықтыру ісінің негізін салды. Бертін келе шынайы спорт ойындарының шығуына түрткі болды. Оның адам денсаулығына жақсартуда пайдалы аса күшті екені қилы. Ұлттық ойындар – ата – бабаларымыздан бізге мұра болған байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан, үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, ұштаса береді.
Тыныс алу жаттығулары – ауамен емделуді дұрыс пайдалана білу, тыныс алу мүшелерінің жұмысын жақсарту мақсатында оқушыларға «Тыныс алу гимнастикасы» көрсетілді. Осындай жаттығулар оқушылардың спортпен шұғылдануға қызығушылықтарын арттырып, салауатты өмір салтын ұстануға, өмірде дұрыс таңдау жасауларына тигізер септігі мол.
Ендеше, Абай атамыз айтпақшы, «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын» дегендей, еңбексіз, белсенді дене қозғалысынсыз мықты денсаулық, бақытты өмір жоқ.
Спорт-адамның рухани әлемі үшін маңызды. Спорт адамды жаңа жетістіктерге жетелейді. Дене шынықтыру және спорт кез келген ересек және өсіп келе жатқан балаларымыздың өмірінің ажырамас бөлігі болуы тиіс. Сол себепті спортпен шұғылдануға шақырамын. Салауатты өмір салтын насихаттап жүрген әр адамның денсаулығы жақсы болады. Сол себепті спорт денсаулық кепілі екенін ұмытпайық! Спорт сенің серігің- жанға дауа, қолға күш. Сергітетін адамды- қимыл менен қозғалыс, – кез келкен күнімізді спортпен айналысудан бастайық!