• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ОТЫРАР: ТАРИХТЫ ЕЛДІҢ АЗАМАТТАРЫ ЖАСАЙДЫ (-1-)

Автор:admin

Май 6, 2024
Spread the love

Ел есінде азаматтардың қатысуымен орын алған және жылнамада жазылған оқиғалар — бүгінгі ұрпақ үшін күн санап тарихи сәтке айналып келеді. «Тарихты елдің азаматтары жасайды» деген қанатты сөзді көптеп кезіктіреміз. Тарихтың толқындарында «Отан үшін» ұранымен ерлік жасап, от пен жалынға қарсы тұрып, ерлік жолын көрсеткендер де осы елдің азаматтары еді. Жеңіс жалауын көтеріп, ту тіккендер де осы елдің азаматтары еді. Өткенге құрмет көрсету, сын сәттерінде ерлікке шақырып, елдік мұратын айқын көрсете білген жандарды өскелең ұрпаққа насихаттау бүгінгі біздің азаматтық парызымыз.
Өткенімізге шегініп қарар болсақ, осыдан 80 жылға жуық уақыт бұрын адамзат тарихында ең ауыр және қанды соғыстың соңғы оқтары атылған еді. Сол бір сұрапыл жылдарда 3000-нан астам отырарлықтар майдан даласына аттанып, 2466 боздақ туған жерге оралмады. Олардың есімдері мен ерліктері ешқашан ұмытылмайды. Ал, елге аман есен оралған кешегі майдангер, бүгінгі ардагерлеріміз еліміз бен туған өлкеміздің игілігіне адал еңбек етудің өнегесін керсете алды.
Бұл күндері сол ескірмес естеліктер, көзі тірі ардагер – ақсақалдардың жүрегін мазаласа, сұм соғыс салған қанды қырғын жайлы тек ардагерлер аузынан естіп, білген кейінгі жастардың да жанын толқытады.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс елімізге оңайлықпен келмегенін білеміз. Отты жылдарда «Отан үшін» ұранымен қазақстандықтар да, оның ішінде отырарлық әрбір азаматта, әрбір жанұясы Жеңіс шыңына жету жолында аянбай үлес қосты…

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика