• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Учаскелік полиция инспекторлары халыққа жадынамалар таратуда

Автор:admin

Апр 19, 2024
Spread the love

Ақпараттық технологиялар дамыған сайын интернет алаяқтықтың түрлері де кең таралып, көбейіп келеді. Ал олардан зардап шегушілер қомақты қаржысынан айырылып қалуда.
Осы ретте интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп келеді. БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы аталған қылмыстардың алдын алу бойынша мақалалар мен роликтер таратуда.
Одан бөлек, халық көп шоғырланатын қоғамдық орындарда, көшелерде тақырыптық бильбордтар ілінуде. Учаскелік полиция инспекторлары да халыққа жадынамалар таратуда.
Жалпы интернет алаяқтық деп — ақпараттық жүйені пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемденуді айтамыз. Яғни, бұл жерде қылмыскер компьютер, смартфон, планшет секілді заманауи құралдардың көмегімен интернет арқылы адамдарды алдап-арбап, олардан ақша бопсалау, мүлкін жымқыру, несие алу секілді жымысқы әрекеттерге барады.
Сондықтан полиция қызметкерлері әрдайым интернет алаяқтардан абай болу керектігін ескертеді. Қауіпсіздікті сақтау үшін банк қызметкерімін деп хабарланса немесе OLX, Kolesa қосымшаларында сізге күмән келтіретіндей қызмет ұсынса, ақпардың нақтылығына және заңды екендігіне көз жеткізіңіз деп кеңес береді!
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика