• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

60 млн. пара алып, зираттың ақшасын жымқырған: Шымкентте әкімнің орынбасары сотталды

Автор:admin

Апр 5, 2024
Spread the love

Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Е.Тіленшинге, осы әкімдіктің бас маманы А.Балқыбековке, сондай-ақ мердігер ұйымның өкілі А.Манатқа қатысты үкім жарияланды.
Шымкент қаласында аудан әкімінің бұрынғы орынбасары сотталды, деп хабарлайды R-FACTOR.KZ ақпарат агенттігі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин әлеуметтік желіде хабарлады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бастамасымен алдын алу мақсатында сот органдарымен өзара келісімге қол жеткізу арқылы жемқорлыққа айыпталған мемлекеттік қызметшілердің ұжымдары сот отырыстарына қатысуда. Биыл, 1 сәуірде Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сотталғандардың бұрынғы әріптестерінің қатысуымен Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Е.Тіленшинге, осы әкімдіктің бас маманы А.Балқыбековке, сондай-ақ мердігер ұйымның өкілі А.Манатқа қатысты үкім жариялады. Аталған адамдарға тиісінше 11, 10 және 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Олар адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы мегаполисті абаттандыру жөніндегі мемлекеттік сатып алу келісім шартын орындау кезінде кәсіпкерден қамқорлығы үшін 60 млн. теңге мөлшерінде пара алғаны, сонымен қатар зираттарды күтіп ұстауға бөлінген 28 млн. теңге бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Сондай-ақ, сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Айта кететін, жымқыру, қылмыстық құқықта – мемлекеттік немесе қоғамдық мүлікті, сондай-ақ, бөтен біреудің мүлкін пайдакүнемдік мақсатпен немесе басқалай жеке мүддені қаузап, өзінің не басқа адамның пайдасына бола заңсыз алу, қайтарымсыз иелену, өзінің меншігіне айналдыру немесе өзінің меншігі ретінде билеу.
Кез келген материалдық құндылықтар (ақша, зат, тауар, шикізат, т.б.) жымқыру заты болуы мүмкін. Тәсілдеріне қарай жымқыру Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде мынадай түрлерге бөлінеді:
1) ұрлық – біреудің мүлкін көрсетпей жымқыру,
2)алаяқтық – алдау, сенімге ену жолымен біреудің мүлкін жымқыру,
3)тонау – біреудің мүлкін ашық жымқыру, иемденіп кету немесе талан-таражға салу – біреудің өзіне сеніп тапсырылған мүлкін жымқыру,
4)қарақшылық – біреудің мүлкін жымқыру мақсатында адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті зорлық-зомбылықпен шабуыл жасап тартып алу,
5)қорқыту – біреудің мүлкін оған қоқан-лоққы жасау жолымен жымқыру.
6)Сондай-ақ, билігін немесе қызмет бабын асыра пайдалану,
7)бопсалау арқылы жымқыру түрлері де ұшырасады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика