Бүгін қасиетті Қадір рухани кеші қарсаңында Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйытқы болуымен «Рамазан қоржыны» атты қайырымдылық шарасын өткізді.
Айтулы шараларға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов, найб имам Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Айбек Азимбаев, іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы, қалалық «Уақып» қорының өкілідері қатысып, үлестірді.
Қайырымдылық шара барысында көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі тіркеуден тұрған 500 отбасыға азық-түлік себеті үлестірілді. Жалпы бір отбасыға (ұн, күріш, шәй, май, қант, тамат, макорон өкімдері т.б.) берілген көмектің қаржы мөлшері 25500 теңгені құрайды. Жыл сайын дәстүрлі түрде өетін шараға қолдау көрсеткен «ОTAU GROUP» құрылыс компаниясына Алла Тағала разы болсын!
Айта кетсек, қайырымыдылық 5 орында өткізілді. Кейбір азаматтардың мүмкіндік шектеуіне орай үйлеріне жеткізілді.
ҚМДБ «Зекет» қоры 2011 жылдың 3-ші маусымында Әділет Министрлігінде тіркелді. Қордың толық заңды атауы: «Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Зекет Қоры» Корпоративтік қоры.
ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қоры – жеке және заңды тұлғалардың зекеттері мен садақаларын қабылдап, оны Шариғат үкімдеріне сай таратумен айналысатын ұйым.
Қордың құрылтайшысы – Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқарамасы.
Республика бойынша «Зекет» қорының 20 өкілдігі бар. Әр өкілдік атқарған жұмыстары мен қаржылай есебін тапсырып отырады.
Адам баласы үшін баспаналы болу негізгі қажеттіліктің бірі. Осы мақсатқа жету үшін бірнеше жыл бойы нисаб мөлшерінде қаржы жинаса, сол қаржыдан зекет беріле ме, берілмей ме деген мәселеге қатысты ханафи мәзһабында екі ұдай пікір бар. Ибн Мәлак сынды ғалымдар баспана негізгі қажеттілік болғандықтан баспана алу үшін жинаған қаржыдан зекет берілмейді деген. «Кімде-кім бірнеше дирхамын негізгі қажеттіліктеріне жұмсаймын деген ниетпен ұстап отырса, бір жыл өтсе де, одан зекет берілмейді» деп үкім берген. Ал ханафи мәзһабының «әл-Мағариж», «әл-Бадайығ» атты кітаптарында: «Көбейту немесе нәпақасына жұмсау мақсатында ұстап отырған ақшасынан зекет беріледі» делінген. Сол секілді «әс-Сираж» бен «Әт-Татархани»: атты кітапта: «Сауда немесе басқа ниеті болса да» зекет беріледі делінген.
Ханафи мәзһабының танымал кітабы «Радду әл-Мухтарда» мәселеге қатысты: «Егер ақшаны өзіне қажетті нәрсеге жұмсау үшін сақтаса әрі бір жыл өткеннен кейін қажетіне жаратқан қаражатынан қалған бөлігі нисапқа жетсе, одан зекет беріледі. Тіпті келешекте жаратамын деген мақсатпен сақтап қойған болса да, бір жыл айналған кезде негізгі қажеттілігіне жұмсалмағаны үшін зекетін береді», — деген.