Кәсіпорындардың колледждерге қамқорлығын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Қазіргі уақытта 518 кәсіпорын 410 колледжге қамқорлық жасап, қамқоршылық кеңестер мен салалық кеңестер арқылы колледждерді басқаруға қатысып келеді.
«104 мыңнан астам студент кәсіби практикадан, 4 мыңнан астам педагог кәсіпорындар базасында тағылымдамадан өтті. Колледждер қамқорлық көрсететін кәсіпорындардың қатысуымен 4 мыңнан астам білім беру бағдарламасын жаңартты. Биыл мақсатты тапсырыс бойынша жұмысқа орналастыру міндеттемесімен тағы 10 мың студент қабылданады», — дейді Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.
Сонымен қатар, дуальды оқытуды өңірлерде тарату жалғасуда. Биыл еліміздегі 9 мың кәсіпорында дуальды оқыту аясында 91 мыңнан астам колледж студенті өндірістік тәжірибеден өтуде.