• Сб. Июн 21st, 2025
Популярные метки

2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ҚОРЫТЫНДЫ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС ӨТТІ

Автор:admin

Июн 3, 2025
Spread the love

2025 жылдың 03 маусым күні Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің базасында 2024-2025 оқу жылының қорытынды әдістемелік кеңесі өтті.
Әдістемелік кеңеске барлық білім беру ұйымдарының директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен әдістемелік кабинет әдіскерлері қатысты. Әдістемелік кеңестің күн тәртібінде:
— Білім беру ұйымдарының ІІІ, IV тоқсан қорытындысын талдау.
— «Bilimland» білім беру платформасының электронды журналын жүргізу бойынша сараптама қорытындысы.
— Оқу жылының аяқталуы қорытынды аттестаттау жұмыстарының ұйымдастырылуы.
— Педагогтерді аттестаттаудың қағидалары мен шарттары.
— Бастауыш сынып пәндерін оқытуда кездесетін қиындықтар мен кемшіліктерді түзету бойынша мұғалімдермен жұмыс жүргізу.
— Тамыз кеңесіне дайындық жұмыстарын ұйымдастыру.
— Әдістемелік кабинеттің 2024-2025 оқу жылының есебі.
— «КітарХАН» кітап оқу жобасы аясында «Адамгершілік рухани құндылықтарды қалыптастырудың маңызы».
— Білім беру ұйымдарында сапалы білім беруде құндылықтар және тілдік дағдыларды дамытудың маңызы.
Кеңесте қаралған мәселелер бойынша ұсыныстар айтылып, кең көлемде талқыланып, жұмыстар сараланды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика