• Вт. Апр 29th, 2025
Популярные метки

1 МАМЫРДАН БАСТАП «TӨЛЕМ» ЖҮЙЕСІНІҢ ВАЛИДАТОРЛАРЫ АЖЫРАТЫЛАДЫ

Автор:admin

Апр 29, 2025
Spread the love
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
2025 жылдың 1 мамырынан бастап Шымкент қаласының қоғамдық көліктерінде «Tөлем» жүйесінің валидаторлары толығымен ажыратылатын болады.
Бұл шешім «Tөлем» жүйесінің операторы – «Qaz SmartTrans» ЖШС шарттық міндеттемелерін тиісті деңгейде орындамағанына байланысты қабылданды. Осыған орай, тараптар арасындағы келісімшарт біржақты бұзылды.
Қоғамдық көлік пайдаланушыларын алдын ала құлақтандыру мақсатында валидаторларды өшіру процесі 1 мамырға дейінгі уақыт аралығында жүзеге асырылып келді. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы бірнеше рет хабарланған болатын.
Бүгінгі таңда қалалық бағыттарда «Avtobys» электрондық төлем жүйесі тұрақты және толыққанды жұмыс істеп тұр. Бұл жүйе арқылы:
-арнайы көлік карталарымен;
-QR-кодты сканерлеу арқылы;
-екінші деңгейлі банктердің төлем карталарымен (Visa, MasterCard, American Express, UniPay);
-сондай-ақ «Avtobys» мобильді қосымшасы арқылы төлем жасауға болады.
Сонымен қатар, «Avtobys» жүйесінің операторы қоғамдық көлікте жол ақысын төлеу тәртібін бақылау мақсатында ревизиялық қызмет ұйымдастырғанын хабарлаймыз.
Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика