• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

08.08: ШЫМКЕНТТЕ 60 ЖҰП ОТБАСЫН ҚҰРДЫ

Автор:admin

Авг 8, 2024
Spread the love

Тамыз – неке көп қиылатын айлардың бірі, ал ерекше дата – 8 тамызда неке қиған жұптар саны рекорд орнатты.
Жалпы, жыл басынан бері қалада 7 525 жұп шаңырақ көтерген.Қала тұрғындары некеге тұруға өтініш беру үшін негізінен ерекше даталар мен мереке күндерін таңдауға тырысады. Некелесу рәсімі жаңа салтанат залында өтті.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында демография мәселесіне ерекше тоқталған болатын. Мемлекет басшысы «Елімізде жыл сайын 400 мыңнан астам бала дүниеге келеді. Өмір сүру ұзақтығы да артып келе жатыр. Былтыр бұл көрсеткіш 74 жастан асты. Қазақстан – әлемдегі ең жас мемлекеттің бірі. Азаматтарымыздың орташа жасы – 32 жас. Тұрғындардың үштен бірі – жастар. Үкіметтің міндеті – қазіргі демографиялық ахуалды еліміздің бәсекеге қабілетін арттыруға пайдалану» деп атап өткен болатын.
Сонымен өткен жылы қараша айында Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті. Оның ішінде 1 миллион 200 мыңға жуық адам Шымкент қаласында өмір сүріп жатыр. 1991 жылы халық саны 16,4 миллион болғанын ескерсек, 32 жылдың ішінде халқымыз 22,3 пайызға көбейгенін байқаймыз. Демографиялық өсімнің жоғары болуына еліміздің үшінші мегаполисі де лайықты үлес қосып келеді. Тәуелсіздік кезеңінде шаһардағы халық саны урбандалу үдерісінің әсерінен 3 есе көбейгені өз алдына, табиғи өсім бойынша да республика өңірлерінің арасында алдыңғы қатарда екенін айта кеткен жөн.
Еске сала кетейік, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап АХАТ функциялары мемлекеттік корпорацияға берілді. Некені тіркеу туралы өтінішті АХАТ бөліміне 15 күн бұрын тапсыру қажет. Сондай-ақ, электронды үкімет порталы және екінші деңгейлі банк қосымшалары арқылы өтініш беруге де болады. Салтанатты рәсімді АХАТ қызметкері жүргізеді. Сонымен қатар, неке қиюды салтанатты түрде рәсімдеуді көрсетілген орынға барып тіркеу қызметі де қарастырылған, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика