Сауран ауданының Шорнақ ауылдық округіне қарасты Шорнақ елді мекеніндегі №67 сайлау учаскесінде Құрылтай сайлауына дауыс беру рәсімі таңғы сағат 07:00-де басталды. Дауыс беруге алғашқылардың бірі болып келген бес сайлаушыға жаңадан қабылданған Конституцияның кітап нұсқасы естелік сыйлық ретінде табысталды.
Аталған бастама азаматтардың ел өміріндегі маңызды саяси үдеріске белсенді қатысуын атап өтуге және Конституцияға деген құрметті арттыруға бағытталған. Сайлау процесіне белсенді қатысу – азаматтық жауапкершіліктің маңызды көрінісі. Әрбір азаматтың таңдауы елдің болашағын айқындауға үлес қосады.
Айта кетейік, Сауран ауданында 42 сайлау учаскесі мен 53 310 дауыс беру құқығына ие тұрғын бар.