Жиын барысында полиция қызметкерлеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында нақты тапсырмалар берілді.
Атап айтқанда, учаскелік полиция инспекторлары мен ювеналды полиция қызметкерлеріне 25 мамыр — соңғы қоңырау іс-шарасына байланысты білім беру ұйымдары мен қоғамдық орындарда профилактикалық жұмыстарды күшейту тапсырылды.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша түсіндіру және бақылау шараларын күшейту қажеттігі айтылды.
Сонымен қатар, мектеп маңайларында және көпшілік жиналатын орындарда бақылауды күшейту, түнгі уақытта рейдтік іс-шаралар ұйымдастыру және кез келген құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша нақты нұсқаулар берілді.
Полиция қызметкерлері аталған бағыттағы жұмыстарды күшейтілген режимде жалғастырады.
#заңментәртіп
