• Вс. Авг 23rd, 2026
Популярные метки

Шымкенттегі сайлау учаскелерінде музыкалық сүйемелдеу ұйымдастырылды

Автор:admin

Авг 23, 2026

23 тамыз – Қазақстан тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлауы өтіп жатқан маңызды күн.

Осыған орай Шымкенттегі барлық сайлау учаскелерінде музыкалық сүйемелдеу ұйымдастырылып, дауыс беруге келген тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйланды.

Мерекелік әуендер сайлау учаскелеріндегі жағымды ахуалды қалыптастырып, азаматтардың маңызды қоғамдық саяси науқанға белсенді қатысуына әсер етті.

Мәселен, Көрме орталығында орналасқан №360 сайлау учаскесінде де таңертеңнен музыкалық бағдарлама ұйымдастырылды.

Бұл учаске Көрме орталығында алғаш рет ашылып, 1870 сайлаушыға қызмет көрсетуде. Мұнда сайлау комиссиясының 7 мүшесі жұмыс істеп жатыр.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *