• Вт. Апр 28th, 2026
Популярные метки

ТҮРКІСТАНДА САУДА САЛАСЫНДАҒЫ ТӘРТІП КҮШЕЙТІЛУДЕ

Автор:admin

Апр 28, 2026

Түркістан қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм бөлімінің мамандары Түркістан облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің өкілдерімен бірлесе отырып, қала аумағында мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – өнімсіз делдалдықты жою, сауда орындарында белгіленбеген сауда фактілерінің алдын алу және нарықтағы баға тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Мониторинг барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына бақылау жүргізіліп, делдалдық тізбектерді қысқарту және тауарларды тікелей өндірушіден тұтынушыға жеткізу мәселелері қарастырылды.
Сонымен қатар, белгіленбеген орындарда сауда жасау деректері анықталып, кәсіпкерлік субъектілеріне қолданыстағы заңнама талаптары түсіндірілді.
Анықталған заңбұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданып, кәсіпкерлерге сауда қызметін тек белгіленген орындарда және қажетті рұқсат құжаттарымен жүзеге асыру қажеттігі ескертілді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *