Жетісай ауданында көпбалалы аналарды ұлықтауға арналған тағылымды іс-шара өтіп, аяулы жандарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» наградалары табысталды. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Айдос Исмайлов қатысып, аналарды марапаттарымен құттықтады, қоғамдағы ана рөлінің айрықша маңызын атап өтті. Мемлекет тарапынан отбасы институтын нығайтуға, ана мен баланы қолдау жұмыстарының жүйелі түрде жүргізілуінің нәтижесі ауданда көпбалалы отбасылар саны артқаны айтылды.
Бүгінде жетісайлық «Алтын алқа» иегерлерінің саны 2243-ке, ал, «Күміс алқа» иегерлерінің саны 4923-ке жеткен. Бұл көрсеткіштер өңірдегі демографиялық өсім мен отбасы құндылықтарының жоғары деңгейде екенін аңғартады.
«Ана – ұлттың ұйытқысы, отбасының берекесі. Сіздердің төзімдеріңіз бен тәрбиелеріңіздің арқасында елдің ертеңі қалыптасады» деген Айдос Бақытжанұлы өткен жылдың өзінде аудан бойынша 4139 сәби дүниеге келгенін, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың аналарды қолдау мен олардың қоғамдағы мәртебесін көтеруге әрдайым басымдық беріп келе жатқанын атап өтті.
Марапаттау рәсімінде бірқатар аналарға мемлекеттік наградалар салтанатты түрде табысталып, гүл шоқтары ұсынылды. Көпбалалы аналар көрсетілген құрмет үшін алғыстарын айтып, ізгі тілектерін білдірді. Тағылымды шара отбасы құндылықтарын дәріптеп, ана еңбегін ардақтаудың жарқын көрінісіне айналды.
Көпбалалы аналарды марапаттау – олардың отбасындағы ерен еңбегін, бала тәрбиесіне қосқан үлесін және қоғамдағы маңызды орнын мойындаудың бір белгісі. Ана мейірімі мен отбасы тәрбиесі ұрпақтың қалыптасуына тікелей әсер ететіндіктен, мемлекет тарапынан аналарға көрсетілетін қолдау шараларының маңызы ерекше. Мұндай марапаттар көпбалалы отбасылардың беделін арттырып, жас отбасыларға үлгі-өнеге болады.
Жетісай ауданында отбасы институтын нығайту, демографиялық өсімді қолдау және балалардың сапалы білім алып, қолайлы ортада тәрбиеленуіне жағдай жасау бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Әлеуметтік бағдарламалар аясында көпбалалы отбасыларға түрлі қолдау көрсетіліп, олардың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған шаралар жүзеге асырылуда.
Аналарға берілген «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградалары – тек марапат қана емес, көп жылғы еңбектің, сабыр мен төзімнің, отбасы тәрбиесіне сіңірген қажырлы еңбектің бағасы. Әрбір көпбалалы ана балаларының болашағы үшін жауапкершілік алып, қоғамның дамуына өзіндік үлесін қосып келеді. Олардың өнегелі өмір жолы жас ұрпаққа тәрбиелік мәні зор үлгі болып табылады.
Шара барысында аналар өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, бала тәрбиесі мен отбасы берекесін сақтаудың маңыздылығына тоқталды. Олар ұрпақ тәрбиесінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дәстүрлерін жалғастыру қажеттігін атап өтті. Отбасындағы татулық пен сыйластықтың қоғам тұрақтылығына әсері зор екені айтылды.
Көпбалалы отбасылардың көбеюі өңірдегі демографиялық ахуалдың оң бағытта дамып келе жатқанын көрсетеді. Бұл ретте аналардың еңбегі мен отбасы құндылықтарын насихаттау маңызды рөл атқарады. Балалы отбасыларды қолдау, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту және ана мәртебесін көтеру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Жетісай ауданында өткен бұл шара аналарға деген құрметтің жарқын көрінісі болды. Елдің болашағы – тәрбиелі ұрпақтың қолында болса, сол ұрпақты дүниеге әкеліп, тәрбиелеп отырған аналардың еңбегі әрдайым жоғары бағалануы тиіс. Осындай тағылымды кездесулер отбасы құндылықтарын нығайтып, қоғамдағы ананың мәртебесін одан әрі арттыруға ықпал етеді.
