• Пн. Май 25th, 2026
Популярные метки

БӘЙДІБЕК: «АДАЛ АТА-АНА – ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» ФОРУМЫ ӨТТІ

Автор:admin

Май 22, 2026

Мемлекетіміздің ішкі саясаты мен құқықтық идеологиясының ең басты бағыттарының бірі — қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын берік орнықтыру, отбасы институтын нығайту және өскелең ұрпақтың құқықтары мен қауіпсіздігін заң аясында толық қорғау болып табылады. Кез келген мемлекеттің болашағы — оның саналы, тәрбиелі және қауіпсіз ортада өскен балаларымен өлшенеді. Қазіргі таңда жауапты ата-ана мәдениетін қалыптастыру, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және олардың өміріне төнетін түрлі қауіп-қатерлердің алдын алу — тек құқық қорғау органдарының ғана емес, тұтас қоғам мен әрбір шаңырақтың ортақ парызы.
Осы орайда, Түркістан облысының Бәйдібек ауданында балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру және отбасылық жауапкершілікті күшейту мақсатында өте маңызды шара ұйымдастырылды. Елімізде кең қанат жайған «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында ауданда «Адал ата-ана – Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында аудандық ата-аналар форумы жоғары деңгейде өтті. Бұл алқалы жиын аймақтағы ана мен баланы қорғау, балалар жылы аясында басталған игі істерді жүйелі жалғастыру бағытындағы ең ауқымды басқосулардың біріне айналды.
Аудандық форумның негізгі мақсаты — кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін жан-жақты қамтамасыз ету, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, ата-аналардың бала тәрбиесіне деген заңдық және моральдық жауапкершілігін арттыру болды. Сонымен қатар, қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуде отбасы, мектеп және мемлекеттік органдардың бірлескен жүйелі жұмысының маңызы халыққа кеңінен түсіндірілді.
Іс-шара барысында бала қауіпсіздігі, киберқауіпсіздік, құқықтық сауаттылық, алдағы жазғы демалыс кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары және жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу бағытында мазмұнды баяндамалар жасалды. Форумға қатысушы ата-аналар, ұстаздар мен қоғам белсенділері арасында ашық пікір алмасу өтіп, бүгінгі күннің ең түйткілді мәселелері ортаға салынды.
Форумның ресми шымылдығын Бәйдібек ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Нұрпеис Ақбаев ашып, бала тәрбиесі мен олардың амандығы — мемлекеттік саясаттың басты назарында тұрған мәселе екенін атап өтті. Ол өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамда «Адал азамат» қалыптастыру идеясына тоқталып, мұның негізі жауапты ата-ана мәдениетінен басталатынын жеткізді.
«Баланың қауіпсіз әрі саналы ортада тәрбиеленуі — әр ата-ананың ғана емес, тұтас қоғамның міндеті. Жас ұрпақтың тәрбиесіне, олардың мінез-құлқы мен қауіпсіздігіне немқұрайлы қарауға ешкімнің құқығы жоқ. Бүгінгі форумның басты мақсаты — бала болашағына қатысты барлық тараптардың ортақ жауапкершілігін күшейту және іс-қимылды үйлестіру болып табылады», — деді аудан басшысы өз сөзінде.
Жиынның мазмұнын байыта түсу мақсатында, аудандық өнерпаздар мен мектеп оқушыларының орындауындағы патриоттық әндер көпшілікке ұсынылды. Ұлттық рухты асқақтатқан бұл шығармашылық сәттер форумның маңыздылығын айшықтап, қатысушыларға ерекше көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Жиын соңында қатысушы ата-аналар мен мамандар тарапынан бірқатар маңызды ұсыныстар қабылданып, қарар бекітілді. Әсіресе, оқу жылының аяқталып, жазғы ұзақ демалыстың басталуына байланысты балалардың өмір қауіпсіздігін күшейту, олардың мектептен тыс уақыттағы іс-әрекеттерін, көшедегі және су айдындарындағы қауіпсіздігін қатаң бақылауға алу міндеттелді. Сонымен қатар, интернет кеңістігіндегі қауіптердің алдын алу және түсіндіру жұмыстарын жандандыру жөнінде нақты міндеттер белгіленді.
Форум қорытындысында бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында ата-ана, мектеп және мемлекеттік мекемелердің өзара тығыз ықпалдастығын, яғни «алтын үштік» байланысын нығайту қажеттігі ерекше атап өтілді. Тек осындай бірлескен, жүйелі әрі жауапты жұмыстың нәтижесінде ғана біз балаларымыздың қауіпсіздігін қорғап, олардың бақытты балалық шағын қамтамасыз ете аламыз.
Бәйдібек ауданында өткен бұл алқалы форум — Түркістан облысындағы мемлекеттік отбасылық саясатты ілгерілетудің, ана мен баланы қорғаудың ішкі рухани және құқықтық тетіктерін күшейтудің жарқын үлгісі болды. Заңын сыйлаған, тәртібін түзеген және ұрпақ қауіпсіздігін ту еткен елдің болашағы әрқашан еңселі, іргесі берік болмақ.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *