• Вт. Июн 2nd, 2026
Популярные метки

Абай ауданының прокуратурасы буллингке қарсы профилактикалық іс-шара өткізді

Автор:admin

Июн 2, 2026

«Bala Protect» жобасын іске асыру аясында Абай ауданының прокуратурасы буллингтің алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шара өткізді.
Іс-шара арнайы дайындалған бейнероликпен басталды. Бейнероликте құқық бұзушылықтың салдары мен адамның өмірге деген көзқарасының өзгеруі туралы сұхбаттар көрсетілді.

Іс-шараға буллинг фактілері бойынша есепте тұрған кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналары қатысты.
Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, буллинг пен кибербуллингтің зияны, сондай-ақ заңнамада көзделген жауапкершілік мәселелері түсіндірілді.

Прокуратура өкілдері балаларға өзара сыйластық пен адам құқықтарын құрметтеудің маңыздылығын атап өтіп, ата-аналарға бала тәрбиесіндегі жауапкершілік пен бақылауды күшейту қажеттігін жеткізді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *