Шымкент қаласында «Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде «Жасыл белдеу» базасында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті.
Мақсаты орман-дала өрттерін сөндіру кезінде орман шаруашылықтары мен азаматтық қорғау қызметтерінің өзара іс-қимылын пысықтау.
Жалпы жаз және күз мезгілдерінде өрттің қаупі жоғары. Көп жағдайда жалын егін қалдықтары, қураған шөп және тұрмыстық қоқыстардың тұтануынан басталады. Сәйкесінше өрт тез таралады. Сондықтан тілсіз жау кезінде Азаматтық қорғау қызметтерінің бірлесіп іс-әрекет ету жылдамдығы мен кәсібилігі өте маңызды. Жаттығуда тілсіз жау кезіндегі дайындық барысы тексерілді.
Аталған іс-шараға төтенше жағдайларды жою жетекшісі Айдын Кәрімов пен Шымкент қаласы ТЖ департаментінің бастығы Қуанар Базарбаев қатысты.
Қорытындыға сәйкес, азаматтық қорғау қызметтерінің өрт қауіпті кезеңге дайындығы бойынша тыңдалым өтті. А.Кәрімов азаматтық қорғау қызметтері бойынша тиісті тапсырмалар берді.
“Орын алған төтенше жағдайлардың алдын ала отырып, оларды дер кезінде жою барлығымыздың міндетіміз. Қаламызда азаматтық қорғау
қызметтер құрылған, тиісті міндеттер бекітілген. Тапсырылған міндеттер мен жұмыстарды барлығымыз
бірлесіп атқаруымыз қажет, соның ішінде уақытылы жету және
уақытылы ден қою маңызды”,- деді Айдын Мейрамбекұлы.
Айта кетейік, өрт — тактикалық оқу-жаттығуына азаматтық қорғау қызметінен жалпы 297 адам және 79 бірлік техника қатысты.
Өртке байланысты негізгі, әрі қысқаша мағлұматтар:
— өрт — адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне зиян, материалдық залал келтіретін бақылаусыз жану;
— Ерікті өрт сөндіруші — өрттің алдын алу және (немесе) сөндіру жөніндегі қызметке ерікті негізде (еңбек шартын жасаспай) тікелей қатысатын азамат;
— өртке қарсы ерікті құралымдар — азаматтардың елді мекендерде және ұйымдарда өрттің алдын алу мен оны сөндіруді ұйымдастыруға қатысу нысаны.
Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету адамдардың өмiрi мен денсаулығын, меншiктi, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк қызметтiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі