• Вс. Апр 20th, 2025
Популярные метки

«Әрбір қылмысты соңына жеткізіп, кәніліні ұстау полицейдің одан әрі шыңдалуына әсер етеді» (-1-)

Автор:admin

Июн 21, 2024
Spread the love

Мен отставкідегі полиция полковнигі Қазығұрт ауданы бойынша Ішкі істер органы Ардагерлер ұйымының төрағасы Сағидулла Жұматаев – 30 жылдай құқық қорғау органдарындағы жауапты бөліністерінде қызмет атқардым. Бүгінде осы саланың ардагері, облысымыздың Құрметті азаматымын. Мұның барлығы жастық шағымызда еткен еңбегіміздің нәтижесі деп білемін.
Әр нәрсенің астарына үңіліп, сын көзбен қарау қызметтен қалған кәсіби дағды. Осы орайда бүгінгі полиция қызметінде жүрген жастарымызға көзқарасым оң, оларды өте жақсы түсінемін. Отбасылық жиындарға қатыса алмау, ұл-қызға көп уақыт бөле алмау, кез келген кезде болатын шақыртуларда сақадай сай тұру бұның барлығы таныс дүние. Біздер ардагерлер, жас полицейлермен өтетін әрбір кездесу іс-шараларында антқа адал болуды, өз ісіне асқан жауапкершілікпен қарауды айтып отырамыз. Бұл сала адам өміріне тікелей байланысты, әрбір қылмыстың ақ-қарасын ажыратып, шынайы қылмыскерді ұстау оңай іс емес. Сондықтан барлық жағдайға обьективті түрде қарап, нақты дәлелдерді келтіре отырып, шешім шығара білу қажет.
Өткен жылдарға көз жүгіртсек, қызмет жолымда талай қылмыстарды ашып, кісі өліміне күдіктілерді құрықтадық. Өздеріңізге белгілі оңтүстікте әрбір үйде 1-2 бас болсын, төрт түлік бары рас. Сондықтан бұл жерде мал ұрлығы қылмысы орын алатыны даусыз. Осындай қылмыс кезінде адам өлімі орын алды. Яғни 2006 жылдың күзінде жергілікті тұрғынды өз үйінде өлі күйінде таптық. Осы қылмысты соңына жеткізіп, оқиғаның қалай болғанын анықтап, күдіктіні тез арада ұстаған болатынбыз.
Анықталғандай, Созақ ауданында мал ұрлығын жасамақшы болған ұрыларды егде жастағы үй иесі көріп қалып, кедергі жасамақ болған…

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика