• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Әнші Kalifarniya: алаяқтардан сақ болыңыздар!

Автор:admin

Июн 6, 2024
Spread the love

Түркістан облысы полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша көптеген сала мамандарымен бірлесіп профилактикалық жұмыстарды жүргізуде.
Бұл жолы полицейлер халық арасында өзінің ерекше тректерімен танымал әнші Фархат Қалиевпен бірге профилактика жасады. Фархат «Kalifarniya» деген лақап атымен және «Qar», «Аспан», «Роза» секілді әндері арқылы тыңдарман арасында үлкен танымалдылыққа ие.
Фархат барша азаматтардан алаяқтарға алданбай, үнемі сақ болуға шақыратынын жеткізді.
Айта кететін, соңғы уақытта өзге адамның әлеуметтік желідегі аккаунтын пайдаланып, қаржылай көмек сұрайтын алаяқтардың әрекеті күшейіп кетті. Мұндай алаяқтықтың құрбандары көбейген. Бұған дейін танымал тұлғалардың, әлеуметтік желі белсенділерінің жалған аккаунттарын жасау арқылы азаматтардан ақша сұрау жиі кездесетін болса, енді алаяқтар қарапайым азаматтарға да көшкен.
Алаяктыктын жана түрі.
Алаяктар «WhatsApp» желісінде.
Сізге сілтеме жіберуі мумкін, сілтеме жіберуі мумкін сілтемені басу аркылы туысында дауыс беру туралы отініш жазады, біраз уакыттан кейін WhatsaApp хабарламанызга кіріп сіздін атыныздан таныстарыныздан акша карызга сурайтын хабарламалар жібереді.
Абай болыныздар, сілтемелерге етпеніздер, акша жібермес бурын СМС келген танысызбен хабарласып шындытымен акша сурап жатканына кез жеткізініз!
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика