• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Әкімшілік сотта медиаторлармен кездеу өтті

Автор:admin

Авг 21, 2023
Spread the love

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында 2023 жылдың 5 айындағы кеңейтілген қорытынды жиналыс хаттамасына сәйкес сот төрелігін жүзеге асыру нәтижелерін орындау мақсатында сотқа түскен әр бір талап арыздар бойынша татуластыру жұмыстарын жүргізу тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Жиынға Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының татуластырушы судьясы М.Онласов, «Халықаралық медиация орталығы» РҚБ-нің Түркістан облысы бойынша өкілдігінің директоры Е.Алжанов және кәсіби медиаторлар Қ.Абдикаримов, С.Молдабеков, Г.Кенжебаева қатысты.
Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының татуластырушы судьясы М.Онласов жиынды ашық деп жариялап, кездесудің маңыздылығы мен қарастырылып отырған мәселелердің өзектілігіне назар аударып өз баяндамасында медиация –тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімі екенін атап өтті. Мамандандырылған әкімшілік сотымен 2022-2023 жылдың 6 айында медиациялық келісіммен және тараптардың татуласуымен аяқталған істердің статистикалық мәліметіне тоқталып, алдағы уақытта осы көрсеткішті жоғарылату мақсатында жұмыстарды ұйымдастыруды ұсынды.
Жиында сөз алған Халықаралық медиация орталығы» РҚБ-нің Түркістан облысы бойынша өкілдігінің директоры Е.Алжанов жалпы медиатордың міндетіне тоқталып медиатор өзінің бейтараптығымен, әділеттілікпен дауласып жүгінген екі жақты татуластырып, бітістіріп, келісімге келтіріп, келісім –шартқа қол жеткізу. Жеке және заңды тұлғалар қатысатын және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар медиацияның қолданылу саласы болып табылатынын, медиация халқымыз үшін тың тақырып еместігін және бүгінгі заманда екі жақтың ісін насырға шаптырмай шешетін бітімгерлеріміз –медиаторлар екенін атап өтті.
Іс-шара соңында жиынға қатысушылар арасында өзара пікір алмасып, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасауды, одан әрі жандандыру мақсатында осындай іс шараларды мемлекеттік мекемелердің өкілдерінің қатысуымен өткізуді жоспарлады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика