• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Әйел әдемі әдебімен жобасы Сайрам ауданы Ақсукент ауылындағы 4 колледжде жалғасын тапты.

Автор:admin

Окт 26, 2023
Spread the love
Президенттен бастап бәрі жастардың тәрбиесіне алаңдаулы. Синтетикалық заттарға әуестік пен тәуелділік, ерте жүктілік, суицидттен, діннен адасудан сақтандыру қажет.
Бүгін тек бұл тақырыпта емес, ата-ана, ұстазды, жалпы үлкендерді құрметтеу, қыздар арасында төбелеске жол бермеу, көп сөйлеп, көп күлмеу, мол табысқа жету үшін жан-жақты білімді әрі өнерлі болу, яғни, бір мамандықпен шектеліп қалмауға шейін айтылды.
Студенттердің біразы ата-ананың мәжбүрлеуімен оқуға түскендерін жасырмады. Негізі бала өзінің қалаған мамандығына оқыса, ол келешекте мықты маманға айналады. Өйткені сүйетін ісін сүйіспеншілікпен атқарады. Сондықтан өзі таңдаған мамандықпен өзі өмір сүретіндіктен, мәжбүрлеу дұрыс па, бұрыс па?
Жылына пәленбай мың түлек мамандық меңгеріп шығады, нәтижесінде бәрібір маман жетіспеушілік күн тәртібінен түспей келеді. Оның себебін жастардан сұрасам, жоғарыдағы жауапты айтты.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика