• Ср. Ноя 27th, 2024
Популярные метки

Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында халыққа түсіндірме жұмыстары жүргізілді (-3-)

Автор:admin

Июн 24, 2024
Spread the love

Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейту мақсатында «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» және «Ұру» баптары Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстен алынып, Қылмыстық кодекске енгізілді.
Дәлірек айтқанда, Қылмыстық кодекс 108-1-баппен «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» толықты. Мұндай қылмысқа барғандар 200 АЕК дейін айыппұл төлейді не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады, не 50 тәулікке қамауға алынады.
Ал жаңа 109-1 бап «Ұрып-соғу» деп аталады. Яғни «тән ауруына ұшыратқан, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге алып келмеген ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау».
Жазасы – 80 АЕК дейін айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 80 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, не 25 тәулікке дейін қамауға алу.
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру деп аталатын 106-баптан «бас бостандығын шектеу» деген сөз алынып тасталды. Яғни жаза қатаңдылды. Осы баппен айыпталғандар 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
107-баптан да (Денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру) «бас бостандығын шектеу» түріндегі жазаның баламалы түрі алынып тасталды.
Қылмыстық кодекстің азаптау бабы да (110-бап) өзгеріске ұшырады. Жаңа норма бойынша азаптау тек қайталанған, жүйелі түрдегі ұрып-соғу емес. Енді аса қатігездікпен және қорлау арқылы жасалған бір реттік зорлық-зомбылық та азаптауға жатқызылады. Бұл бап бойынша 1000 АЕК дейін түзеу жұмыстары не 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар, не 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген…

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика