Жетісай аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында жеке құрам қызметкерлеріне салауатты өмір салтын насихаттау және сыбайлас жемқорлық пен тәртіптік құқық-бұзушылыққа жол бермеуге бағытталған “Әділетті қоғам” іс-шаралар кешені бойынша жиналыс өткізілді, деп хабарлайды R-factor.kz ақпарат агенттігі.
Жиналысқа ІІО-нің бастауыш ардагерлер ұйымының төреағасы, Жетісай ауданының құрметті азаматы Еркін Бабаханов арнайы келіп қатысып, полицейлерге кәсіптік тәжірибесімен бөлісіп, қоғамның тынышы мен тынысын бақылаушы ретінде атқарып жатқан жұмыстарына сәттілік тіледі!
Әлемдік тәжірибеде жемқорлық пара алу, пара берумен шектелмейді. Біз соның бірі ретінде ішкі істер органдарының халық арасында мәртебесін арттыруға баса назар аударудамыз.
Өз кезегінде жемқорлықпен күресу – әрбіріміздің міндетіміз. Отанға адал қызмет ету – қасиетті борышымыз..!