Жастар ресурстық орталығы және Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Ұстаздар күніне» орай мерекелік концерттік кеш өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – білім беру саласында аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздарға құрмет көрсету және олардың қоғамдағы маңызды рөлін атап өту.
Концерттік кеш барысында колледж студенттері мен жас өнерпаздар түрлі әндер шырқап, би билеп, ұстаздарға арнап өлеңдер оқыды. Ұстаздар қауымына алғыс сөздері айтылып, оларға ерекше ықыласпен дайындалған сыйлықтар табысталды.
Кеш соңында ұстаздар арнайы алғыс хатпен марапатталып, еңбегіне деген шынайы құрметті көрсетілді.